Каз/Рус

Дәрігер қабылдауына жазу ережесі (соның ішінде, egov электронды үкімет порталы арқылы)

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: (Мемлекеттік қызмет көрсету насаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Дәрігер қабылдауына жазылу:

  1. тікелей жүгіну немесе телефон арқылы- дәрігер қабылдауына алдын-ала жазылу туралы журналына жазба түсіру және дәрігерлер қабылдауының кестесіне сәйкес, күні, дәрігер қабылдауының уақытын белгілеумен ауызша жауап.
  2. электронды форматта порталға жүгіну кезінде- жеке кабинетте электронды өтінім мәртебесі түрінде хабарлама.

Қызмет алушының жүгінуі кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар: (немесе сенімхат бойынша оның өкілі):

  1. тікелей жүгіну кезінде сәйкестендіру үшін жеке бас куәлігін растайтын құжат;
  2. порталға - электронды түрде сұрату.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушымен берілген құжаттар мәліметтерінің және (немесе) олардағы мәліметтердің анық еместігі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурстарында көрсетілген www.mzsr.gov.kz. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Бірегей байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Негіздеме: ҚР ДСМ және ӘДМ 27.04.2015 жылғы №272 "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік стандарттарды бекіту туралы" бұйрығы.