Каз/Рус

Жедел жәрдем ауруханасы

Шұғыл жағдай кезінде пациент жедел медициналық көмек бригадасымен, медициналық қызметкердің ілесуімен санитарлық авиациямен немесе өздігінен стационарға жеткізіледі. Басқа жағдайларда, пациенттер стационарға құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жеткізіледі.

Стационардың қабылдау бөлімінде шұғыл емделуге жатқызу кезінде 1 кезеңге түсетін пациенттердің шартты бөлінуі жауапты (кезекші) дәрігермен жүргізіледі.

  1. бірінші кезең – басымдылықтың жоғары деңгейіндегі пациентттер, интенсивті терапия, оталық, шок барлық түрлері, коматоздық жағдай, жүрек-қантамыр, өкпе, бүйрек, бауыр жеткіліксіздігінің барлық жағдайларымен; коматоздық жағдай, жүрек-қантамыр, өкпе, бүйрек, бауыр жеткіліксіздігінің барлық жағдайларымен
  2. екінші кезең – басымдылықтың бірінші кезеңдік пациенттері жіті хирургиялық, урологиялық, травматологиялық, гинекологиялық, неврологиялық және гинекологиялық, неврологиялық және терапиялық аурулармен стационарлық емделуге мұқтаж, алайда олардың жалпы жағдайы стационарлық жағдайда диагнозды анықтау және емдеу үшін қабылдау бөлімінде емдеу диагностикалық шараларды жүргізуге болатын науқастар;
  3. 4. үшінші кезең – басымдылықтың екінші деңгейімен, диагнозын анықтағанға дейін осыдан былайғы амбулаторлық емдеуге жолдаумен қабылдау бөлімінде емдеу-диагностикалық өткізуді талап ететін пациенттер.

Науқасты қарау нәтижелері бойынша пациентті ауруханаға емделуге жатқызу немесе амбулаторлық немесе стационарлық міндет атқаратын жағдайда емдеу бойынша шешім қабылданады. Медбикемен АМСК немесе тіркелу орны бойынша медициналық ұйымға актив жолданады;

Оперативтік араласуды шұғыл өткізуді талап ететін пациенттер:

  1. қысқа мерзімде жауапты (кезекші) дәрігер реаниматолог профильді маманның ілесуімен, қабылдау бөліміндегі қарау және тіркеу процессіне тоқтамай ота жасау бөлімшесіне жолданады;
  2. оперативтік араласуды өткізуден кейін, жағдайының тұрақталуына қарай, пациент жауапты (дәрігер) немесе медбикенің ілесуімен тиісті бөлімшеге ауыстырылады;

Қажетті емдеу-диагностикалық шараларды өтпеген пациенттің өздігінен қабылдау бөлімінен кеткен жағдайында, телефон байланысы немесе интернет-ресурсы арқылы жауапты (кезекші) дәрігермен пациенттің тіркелу орны бойынша медициналық ұйым немесе АМСК ұйымы басшысының орынбасарына хабарланады.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 «Стационарлық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» бұйрығы