Каз/Рус

Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК пациенттерінің күн тәртібі

Құрметті пациенттер!

Стационарға түсу кезінде максималды оңтайлы тиімділіккке қол жеткізу мақсатында стационарлық емдулуге түсу кезінде қатал сақтауға жататын белгіленген күн тәртібімен танысуыңызды өтінеміз.

Пациентке емделуге стационарға жатқызу кезінде өзімен бірге қажет: жеке бас куәлігі, белгіленген нысандағы дәрігер жолдамасы, осыған дейінгі емделгені туралы ауру тарихынан көшірме (қолда барында) жеке гигиена құралдары, саптыаяқ пен қасық. Стационардағы киім формасы еркін, алайда ауыстырма аяқ-киім міндетті түрде.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159 бабы 5 тармағына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында шылым шегуге тиым салынады, тәртіп бұзылған жағдайда пациент стационардан мерзімінен бұрын шығарылады, және де Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-1 бабына сәйкес 1АЕК көлемінде айыппұл салынады. Әкімшілік өндіруден кейін тиым салуды бұзушылық жыл ағымында қайталанса 2-ден 5-ке дейінгі АЕК көлемінде айыппұл көрсетілген.

Пациенттер бөлімше режимін сақтауға міндетті, дәрігерлік қарау мен дәрігерлік тағайындамаларды орындау уақытында таңғы ас пен түскі астан кейін палатада болуға міндетті. Бөлімшеден өздігінен кету кезінде, режим мен ішкі тәртіп ережелерін сақтамаған жағдайда пациент ауруханалық режимді бұзумен еңбекке жарамсыздық парағында белгі қойылып шығарылады.

Пациент үшін тынығу мен демалу – емдеу нәтижесіне әсер ететін оңтайлы фактор екендігін ұмытпаған жөн.

Тынығу уақыты сағат 14.00- ден 16.00 дейін.

Ұйқыға кету сағат 22.00- де.

Тынығу уақытында пациенттер палатада болуға тиіс, палатадан палатаға кіруге, дауыс көтеріп сөйлеуге рұқсат етілмейді.

Пациенттің жақындары және туыстарымен жүздесу уақыты:

Сағат 10.00-13.00; сағат 16.00-18.00 (келіп-кетулер шектелетін карантин кезеңінен басқа, және де арнайы режим бойынша жұмыс атқаратын бөлімшелер перзертхана, балалар бөлімшесі, жұқпалы аурулар бөлімшесі)

Келіп-кетушілер киім ілетін орында сырт киімдерін қалтырады, стационарда пациентке бахила киіп келу қажет, пациентпен палатасында жүздесу үшін медициналық халат киген дұрыс. Келіп-кетушілерге пациент төсек-орнына отыруға тиым салынады.

Пациенттерге спирттік ішімдіктерді қабылдауға тиым салынады. Өзіңізбен бірге құнды заттарды сақтамаған жөн (олардың жоғалу жағдайында медициналық персонал жауапкершілік етпейді).

Сіздің денсаулығыңыздың қамы үшін!