Бұл мереке - ұлттық бірліктің және еліміздің бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы. Тәуелсіздік күні уақыт пен ұрпақ жалғастығын, бостандық пен егемендікті білдіреді. Ол халқымыздың басты адамгершілік құндылықтары – отансүйгіштікті, бірлікті, жақсылық пен әділдікке деген жоғары ұмтылысты бейнелейді.
Осы жылдары біз әлемдік тануға және үлкен прогреске қол жеткізіп, ел тарихындағы сәтті жетістіктерге бет бұрдық. Әрдайым ғасырлар бойғы дәстүрлер мен рухани құндылықтарды сақтап, оларды жалғастыруымыз қажет. Бұл - бірегейлігіміздің нышаны.
Мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін!
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз табысты, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Б. Көшербаев