ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Меню

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздерге жатады:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны;

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

15415
ШҚО әкімдігі ДСБ «Риддер
қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК
ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
Дс-Жм 08:00-ден 16:30-ге дейін
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Дизайн және әзірлеу
SemStar