Медицина қызметкері ретінде сіз дәрілік заттардың қауіпсіздігін және пациенттеріңіздің денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарасыз:
- Пациенттермен дәрілік заттардың мүмкін болатын жағымсыз әсерлерін талқылаңыз;
- Оларды қалай алдын алуға немесе бақылауға болатынын түсіндіріңіз;
- Жағымсыз әсерлер байқалған жағдайда, қайда және қалай хабарлау керектігін көрсетіңіз.
Дәрілік заттардың қауіпсіздігін арттыру бәріміздің ортақ міндетіміз.