ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Меню

Менингококк инфекциясының алдын алу

Менингококк инфекциясы – әртүрлі клиникалық көріністермен – симптомсыз таратушылық, назофарингит (мұрын және жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы) және менингококктық сепсис (қанды жұғуы) түрінде өтетін, бактериядан туындайтын жіті инфекциялық ауру.

Инфекция көзі науқас адамдар және «дені сау таратушылар», яғни қандай да бір клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококк таратушысы болып табылатын адамдар.

Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық – қыс және көктем мезгілдеріндегі маусымдылығымен сипатталады.

Инфекцияның берілу жолдары – ауа тамшы арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Инфекцияның қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб науқас адаммен немесе ауру таратушымен ұзақ және тығыз қарым-қатынас кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы дені сау адамның организміне өтеді. Жұқтырған кезден бастап ауру басталғанға дейін бір күннен он күнге дейінгі уақыт өтеді. Науқас айналасындағы адамдар үшін аурудың бірінші күнінен бастап-ақ жұқпалы болады.

Көбінесе иммундық жүйесі қалыптаспағандықтан 5 жастан кіші жастағы балалар ауырады, сондай-ақ жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады, себебі осы жастағы адамдар көп уақытын көптеген тәуекел факторлары – адамдар көп жиналатын, темекі шегу, ортақ сусындар және т.б. факторлардың қосылуымен ерекшеленетін түнгі клубтарда өткізеді.

Менингит үшін аурудың кенеттен басталуы тән: кенеттен қатты бас ауру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпелер, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, қалтырау пайда болады. Тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқада және аяқ-қолда ауырсыну байқалады. Науқастарда шөлдеу, тәбетінің төмендеуі болады. Ауру тұмау, баспа, мұрынның бітелуі, тонзилиттер және т.б. сияқты салыстырмалы түрде «зиянсыз» ауруға ұқсап жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан ол өте қауіпті. Салқын тигеннен, ауырғаннан, шаршағаннан туындайтын организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдайлар пайда болғанда менингококк бастың ми қабықшасына қарқынды түрде өтеді.

Профилактика

Катаралды көріністерімен (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауру, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу және оның ұсыныстарын орындау қажет.

Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын сауық орындардағы ойын алаңдарына баруды шектеу қажет.

Үй-жайды жиі желдету, ұйымдастырылған ұжымдарда күнделікті ылғылды жинау жүргізу керек.

Созылмалы инфекциясы бар ошақтарды санациялауды жүргізу маңызды, бала жасында бұның көбінесе ЛОР-ағзаларына жиі қатысы бар, сондықтан балалар оториноларингологына тұрақты түрде және мүмкіндігінше профилактикалық мақсатта бару керек.

Суық тию ауруларының белгілері (жөтелу, мұрынның бітелуі, түшкіру және басқалар) бар айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты болдырмау. Қайнаған немесе шөлмекке құйылған суды пайдалану қажет.

Суық тию, ашығу, ұйықтамау, күйзеліс және т.б. болдырмау.

«Ауырып емделгенше, ауырмайтын жол іздеген» тиімді екендігін әрқашан естен шығармау қажет!

2019-05-29
ШҚО әкімдігі ДСБ «Риддер
қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК
ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
Дс-Жм 08:00-ден 16:30-ге дейін
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр) ridder_qalalyk_auruhanasy
Дизайн және әзірлеу
SemStar