Жыл сайын, 20 мамырда Бүкіләлемдік травматолог күні атап өтіледі.
Бұл тек травматологтардың ғана емес, сондай-ақ, ортопедтердің, хирургтардың, тіпті жарақат алып, бір кездері сындырып, созып немесе шығарып алған адамдардың да мейрамы. Атаулы күні, біз травматолог дәрігерлерге қажырлы еңбектері үшін алғысымызды білдіреміз, қолдарыңызға дерт бермесін, ауыр еңбек жолдарыңызда тек сәттілік серік болып, пациенттеріңіз мейірбан және шыдамды болсын!
Шығыс Қазақстанда соңғы жылдары осы саладағы мамандандырылған көмек көкжиегі кеңейіп келеді.Жоғары технологиялық медициналық көмек аймақ тұрғындарына ШҚ Облыстық мамандандырылған медициналық орталықта, Облыстық ауруханада, Семей қаласының ЖМЖА, Өскемендегі 4 қалалық ауруханада көрсетіледі.
Бұл медициналық ұйымдарда артроскопиялық оталар, эндопротездеу, қалпына келтіру оталары жасалады.