Крыкпай Кусаинович пен Раш Даулетхановна медицина саласында 40 жыл еңбек етуде. Семей медициналық институтында бірге оқыған. Жолдау бойынша Лениногор қаласына келген. Олар мұнда келгенде кішкентай қыздары 3 жаста ғана болатын. Біраз уақыт өте ұлдары дүниеге келді. Қазыр енді немерелері бар. Дәрігер кәсібін бірге, бір болып жалғастырып құндылығы жоғары отбасын аялай білетін қос дәрігер, шебер жандар. Өз кәсіптерін атқару кезеңінде санаты жоғары дәрігер ретінде жастарға тәлімгерлік өнеге көрсетті. Бүгінгі күні Уашпаевтар отбасын үлгілі отбасы деп айтуға болады.