ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Меню

Медициналық сақтандыру жүйесінің әлеуметтік жауапкершілік қағидатын ұстанатындығының бес дәлелі

2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу міндетті болып табылады әрі жұмыс пен табыстың бар-жоғына қарамастан ай сайын төлем жасалуы тиіс. Алайда, мемлекет төлеушіге барлық кезеңді берешек деп қоймайды. Сақтандыру мәртебесін алу кезінде 12 айға төлем жасағаны ескеріліп, бұрын төленбеген барлық кезеңдері автоматты түрде жойылады. Мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына кіретін 15 жеңілдік санатына, яғни 11 миллионнан астам адам үшін жарна төлейді. Бұл жүйенің әлеуметтік жауапкершілігін және халықтың денсаулығын қорғауға бағдарланғандығын дәлелдей түседі. Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, ауру түрі бойынша барлық қажетті медициналық көмекті алады. Сақтандыру мәртебесінің болмауы адамды шұғыл медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырмайды - жедел жәрдем шақыру және созылмалы аурулардың өршуі, қатты ауырсыну, жарақаттар, ЖРВИ немесе COVID-19-ға күдік туындаған жағдайда өзінің немесе жақын маңдағы емхананың фильтр кабинетіне жүгіне алады. Ол үшін мәртебенің болуы және Қорға жарна төлегені туралы ақпараттың керегі жоқ. Қажет болған жағдайда пациенттердің мәртебесінің бар-жоғына қарамастан шұғыл түрде операциялар жасалады, кейде оның бағасы өте қымбат болуы мүмкін. 5 қыркүйектен бастап МӘМС-ке ешқашан төлем жасамаған немесе оны жүйелі түрде жасамаған дербес төлеушілер МӘМС-ке алдын ала төлем жасауға және өткен 12 айдағы жарналарды төлемей, бір жыл бұрын мәртебе алуға мүмкіндік алды. 2022 жылдың қыркүйегіне дейін өткен жылғы берешекті жаппай, сақтандыру мәртебесін алу мүмкін болмады.

news-262-1
news-262-2
news-262-3
ШҚО әкімдігі ДСБ «Риддер
қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК
ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
Дс-Жм 08:00-ден 16:30-ге дейін
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр) ridder_qalalyk_auruhanasy
Дизайн және әзірлеу
SemStar