ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Меню

1 наурызда «Алғыс айту» күні

Біздің елімізде 1 наурызда «Алғыс айту» күні мерекеленеді, бұл күні әрбір адам игі ісі үшін басқа жанға «Рақмет» алғыс сөздерін жеткізеді. Осыған байланысты біздің аурухана пост жариялап, пациенттер ризашылық білдірген аурухана дәрігерлері мен мейіргерлері туралы жеткізетін болады.

Соның алғашқысы: Уашпаевтар әулеті Крыкпай мен Раш 40 жылдан аса жылдарды денсаулық сақтау саласына арнаған. Бірге Семей медицина институтында оқыған. Олар Семей мединститутын аяқтай салысымен жолдамамен Лениногорск қаласына қалалық ауруханаға дәрігер болып орналасып, бүгінге дейін осы іске берілген жандар.

Крыкпай Кусаинович стационарға хирург-дәрігер болып, Раш Даулетхановна емханаға терапевт-дәрігер болып орналасқан. Келгенде кішкентай қыздары 3 жаста ғана еді. Жылдар өте ұлды, уақыт зымырап немерелі болды.

Дәрігер кәсібінің ыстығы мен суығын бірге көріп, машықтана түсті, үлгілі дәрігерлер отбасы атанды. Жоғары санатты дәрігер ретінде жас мамандар үшін тәлімгерлер болып табылады. Қрықпаевтар отбасын пациенттер бағалап, ризашылық білдіріп, жақсы көреді. Міне алғыс сөздерін жеткізген:

Бангерт Татьяна Михайловна:

«Раш Даулетхановна мен Крыкпай Кусаиновичті біз көп жылдар бойы білеміз. Көмек қолын созып, дұрыс диагноз қойып, келіп-кетіп қараған Раш Даулетхановнаның арқасында менің анам 100 жасаған. Осы дәрігерлердің екеуі де науқастарға түсінік, пациенттерге құрметпен қарайды».

Лукьянова Алефтина Павловна:

«Мен Раш Даулетхановнаға өте ризамын. Мейірімді, биязы, науқастарға қайырымды жан. Үйге шақырылса, емдеп, көмектен аянбайды. Оны дәрігер ретінде жақсы көремін. Барлық дәрігерлер сол сияқты болсашы. Өз ісінің шебері, оған бәрі үшін рақмет. Мен оған ризамын. Біз жолдасымыз екеуміз 64 жыл біргеміз. Жолдасым Иван Ермолаевичке 10 жыл бұрын Крыкпай Кусаинович ота жасаған, ол үшін бөлек рақметімізді жеткіземіз».

#1Наурыз #Алғысайтукүн і#ШҚО #ШҚОДСБ #дәрігерлер #дәрігерлергемыңалғыс #Арамыздағықаһармандар  #1Марта #Деньблагодарности #ВКО #УЗВКО #врачи #благодарностьврачам #Героисрединас

news-269-3
news-269-4
ШҚО әкімдігі ДСБ «Риддер
қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК
ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
Дс-Жм 08:00-ден 16:30-ге дейін
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр) ridder_qalalyk_auruhanasy
Дизайн және әзірлеу
SemStar