«№1 мектеп-лицейі» мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған дәріс
2023 жылдың 16 наурызында «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК фтизиатр дәрігері Торгаева Сания Тулигеновна «№1 мектеп-лицейі» КММ-де ата-аналар жиналасында «Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулездің алдын алу» тақырыбына дәріс өткізді. Дәрігер туберкулез дегеніміз не? жұқпаның (инфекцияның) көзі туралы толықтай ата-аналарға жеткізді. Қауіпті ауруға қарсы екпе салу мен алдын-алу шаралары туралы айтып берді.
Келесі сұрақтарға ата-аналарға толықтай жауап қайтарылды:
- Баланы туберкулез ауруынан қалай сақтап қалуға болады?
- туберкулездің қауіпті белгілері мен негізгі симптомдары.
- Туберкулезге диагностика жасау мен аурудың алдын-алу.
Дәрігер ата-аналар үшін келесідегідей кеңес берді:
- өз денсаулығына жауапкерлішікпен қарау, сіздің отбасыңызда уақытқша бірге тұратын тұлғалардың денсаулығына ерекше назар аудару;
- флюрографиялық зерттеуден өту, отбасында жаңадан туылған нәресте барында тіпті ерекше бақылаумен зерттелу; егерде бала туберкулез жұқтырған адаммен байланыста болса, міндетті түрде дәрігер қарауына жүгіну- балаларға арналған сауықтыру балабақшасына немесе мектебіне оқшаулау, бұл ауру қаупін төмендетеді;
- Манту сынымасы бойынша баланың жұқтыруын белгілеу кезінде міндетті түрде фтизиатр-дәрігердің қарауы мен зерттеуінен өту;
- Баланың салауатты өмір салтын өзінің жеке ата-аналық үлгісімен қалыптастыру.