2023 жылдың 24 наурызы күні «Риддер қалалық ауруханасында» Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күніне орай ашық есік күні өткізілген.
Осы күні пациенттер флюрографиялық зерттеуден өтіп, фтизиатр дәрігердің кеңесін ала алды. Сонымен бірге СӨС кабинетінде туберкулездің алдын-алу бойынша ақпарат берілді. Брошюралар мен парақшалар таратылды.