2023 жылдың 15 наурызы күні «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК мамандарымен акушер-гинеколог дәрігері Алканова А.Д. психолог Кеналиева С.Н. «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясында «Контрацепция ерте кезеңдегі жүктіліктің алдын-алу» тақырыбына оқушылар арасында әңгімелесу өткізді.
50-ден жоғары қыздар берілген тақырыпқа дәріс алды.
Осы шараның мақсаты - ерте кезеңдегі жүктілік проблемалары бойынша ақпараттандыру деңгейін жоғарлату болып табылады.
Ерте кезеңдегі жүктілік несімен қауіпті? алдын-алудың қандай түрлері бар? ерте кезеңдегі жүктілік қорытындысы қандай деген сияқты сұрақтар қарастырылды.
Ерте кезеңдегі жүктілік пен түсік жасауға мәжбүрлік осыдан былайғы репродуктивтік функцияға зияны туралы қыздарға жеткізілді. Психолог Кеналиева С.Н. жасөспірім 13-17 жастағы қыздар үшін психологиялық тұрғыдан олардың эмоциялық ерік-жігеріне, құндылықтарды бағалау, жыныстық және аналық мінез-құлқына тікелей деструктивті әсері туралы айтып берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, көптеген қажетті ақпаратпен танысты.