Жыл сайын 7 сәуір күні Бүкіләлемдік денсаулық күні аталып өтеді. 2023 жылдың 6 сәуірі күні берілген күн қарсаңында «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК медициналық қызметкерлері «Centr» сауда үйінде алдын-алу акциясын өткізді. Іс-шара аясында тұрғындарға психолог, әлеуметтік қызметкер, жалпы тәжірибе дәрігерінен кеңес алып, қандағы қант, холестерин деңгейін тегін анықтау мүмкіндігі берілді. Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша брошюралар мен буклеттер таратылды.