2023 жылдың 5 сәуір күні «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның СӨС кабинетінің маманы С.Н. Кеналиева «Шылым шегу мен алкоголь зияны» тақырыбына «№11 жалпы білім беру мектебі» КММ оқушыларымен семинар-тренинг өткізілді.
Семинар мақсаты жасөспірімдерге шылым шегу мен алкогольдің денсаулықтарына зияны туралы білімдерін кеңейту еді. Алколь өнімдеріне және шылым шегуге деген негативтік қарым-қатынас қалыптастыру мен салауатты өмір салтына оқушыларды бағдарлау болып табылады. Мектеп оқушылары шылым мен алкогольді пайдаланудың зияны жөнінде толыққанды ақпарат алды. Және де «Вейп-темекі зияны туралы» бейне материал көрсетілді. Салауатты өмір салтын ұстану- белсенділікпен ұзақ жасау және жетістіктерге қол жеткізу кепілі!