«Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК медициналық қызметкерлері мектепалды жазғы лагерлерде «Таза қол-денсаулық кепілі» атты акциясын өткізді. Мақсаты мектеп жасындағы балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру. Басты міндеті әртүрлі жастағы адамдар, соның ішінде балалар арасында қарапайым сабынмен қолды жуу инфекциялық аурулармен күресетінін көрсету болды.