2023 жылдың 6 желтоқсаны күні «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК комплайнс-офицері А.С. Рахметова медициналық қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы қызмет жөнінде нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырып, семинар өткізді.
Семинар барысында маман Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы заңымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі төрағасының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бұйрықтарымен таныстырды. Комплайнс-офицер мекемедегі ішкі бұйрықтар, «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК бекітілген үлгілік қағидасы, оның ережелерін ұстану туралы жеткізді. Сонымен қатар мекеме қызметкерлері үшін коммерциялық пара туралы түсіндіру ақпараты берілді.
Берілген жұмыс «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да жүйелі негізде жүргізіледі