ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Меню

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін ШҚОҚО-да қан компоненттерінің қорларын толықтыру мақсатында 2024 жылғы 21 ақпанында «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да донорлық күні өтеді.

Мекен жайы: Ауэзов көшесі, 26

Өзгенің  қайғысына  бей-жай қарамайтын сүйікті қаламыздың және облыстың барлық тұрғындарын қан тапсыруға шақырамыз. Достар, сіздерде игі іс жасауға және науқасқа көмек көрсетуге жақсы мүмкіндіктеріңіз бар!

Қан тапсырғаннан кейін донорларға 2 күндік демалысқа анықтама, 1000 тг және гематоген беріледі.

Біз ерікті өтеусіз қан донорларының қатарына қосылуға ниет білдірген жандарды қарсы алуға қуаныштымыз! Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек!

Достар, қан тапсыруға жақындарыңызды, достарыңызды, таныстарыңызды және әріптестеріңізді шақыруды ұмытпаңыздар!!

ШҚО әкімдігі ДСБ «Риддер
қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК
ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
Дс-Жм 08:00-ден 16:30-ге дейін
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Дизайн және әзірлеу
SemStar