ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Меню

ЕКПЕЛЕР. ЕКПЕЛЕР КҮНТІЗБЕСІ

Ауруды кейіннен емдегенше алдын алған жеңіл екені барлығымызға белгілі. Әсіресе оның сары ауру, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе және бірқатар басқалары сияқты ауыр инфекцияларға қатысты. Осы аурулардың алдын алу мақсатында бүкіл әлемде вакцинация жүргізіледі. Қазақстан да одан қалған жоқ.

Қазақстанда балаларға қандай екпелер жасалады? Балаларға вакцинация қай жаста жүргізіледі? Перзентханада жаңа туған сәбилер қандай екпелер алады? Баланы екпеге қалай дұрыс дайындау керек? Вакцинаға әсер қандай болуы мүмкін? Қазақстанда барлық ата-аналарды осы сұрақтар толғандырады.

Осы сұрақтарға жауап беруге тырысып көрейік.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2009 жылғы №2295 Қаулысына сәйкес балаларға жоспарлы алдын алу екпелері Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Барлық міндетті екпелер бюджеттік қаражаттар есебінен тегін жасалады.

Екпеге рұқсатты қалай алу керек

1. Екпе алу үшін міндетті шарт – баланың дені сау болу керек.

2. Екпенің алдында баланы міндетті түрде емдейтін дәрігер-педиатр қарайды. Жалпы клиникалық көрсеткіштердің (дене қызуы, шағымның болмауы) ғана емес, сондай-ақ анасының пікірінің маңызы аз емес – егер сәби жаман ұйықтаса, шәркезденсе, тәбетінде, жүріс-тұрысында өзгерістер болса, онда екпені әзірше кейінге қалдырған жақсы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық екпелер күнтізбесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қарсы алдын алу екпелерін жұргізуге аурулар тізбесін, оларды өткізу ережелері және жоспарлы екпелерге жататын халықтың тобын бекіту туралы» 30.12.2009 жылғы №2295 Қаулысы (12.02.2013 өзгертулері және толықтыруларымен).

kalendar-privivok
ШҚО әкімдігі ДСБ «Риддер
қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК
ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
Дс-Жм 08:00-ден 16:30-ге дейін
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Дизайн және әзірлеу
SemStar