ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Меню

Туберкулезді тез анықтау жолы

Сіздер білесіздер ме, туберкулез ауруын дер кезінде анықтап, дұрыс емдесе жақсы нәтижеге жетуге болатынын? Емдеуге қиындық тудыратын бірден бір себеп, ол туберкулез таяқшасының өзгеріске ұшырау қасиеті (мутация), яғни туберкулез дәрілеріне төзімді түрге айналуы.

Елімізде туберкулезді диагностикалаудың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған озық әдістері енгізілген. Бұл әдістердің бірі, экспресс молекулярлы - генетикалық әдіс - GeneXpert.

Оның мүмкіндіктері.

  1. Баршамызға мәлім ПТР принципі бойынша жұмыс істейді;
  2. Туберкулезді анықтап қана қоймай, оны емдейтін дәрілерге төзімділікті жоғарғы дәлдікпен және жылдамдықпен анықтайды;
  3. АИТВ науқастарда туберкулезді анықтау үшін қолданылатын бірден бір әдіс.

Диагностика мақсатында қақырықтан басқа плевра, жұлын сұықтықтары, ірің, зәр, сонымен қатар балардан асқазан сөлі, нәжіс, тамақтан жағынды сияқты әртүрлі үлгілер тапсыруға болады.

Елімізде осындай 148 құрылғы бар. Олар эпидемиологиялық көрсеткіштерді, елді мекендердің шалғайлығын, халықтың орналасу тығыздығын ескере отырып, диагностиканы неғұрлым халыққа жақындату мақсатында аудан деңгейіне дейін жеткізілген. Бүгінгі таңда бұл әдіс халықымыздың игілігіне пайдаланылуда. Егер сіздің жаныңызда туберкулезге күдікті адамдар болса, өзіңіздің тұғылықты жердегі емханаға барып, тегін талдау жасата алатынын айтсаңыз болады.

@qaztbstop @nncf_mz_rk @kaf.2020

#ПартнёрствоСтопТБвКазахстане #СтопТБ #туберкулездіжеделанықтау #GeneXpert #диагностикатуберкулеза #шқофпо #вкофпц #ШҚОфтизиопульмонологиялықорталығы #вкофтизиопульмонологическийцентр #вко #бізтуберкулездіжеңеаламыз #мыможемпобедитьтуберекулез #стоптуберкулез #stoptb #туберкулез #qaztbstop #ннцфмзрк #nncf_mz_rk #kaf2020

kaz
ШҚО әкімдігі ДСБ «Риддер
қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК
ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
Дс-Жм 08:00-ден 16:30-ге дейін
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 76 (Call-центр)
Дизайн және әзірлеу
SemStar