16.04.2024 жылы «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК психологы «Есірткіден сақтан» тақырыбына «№10 орта мектебі» КММ оқушыларына дәріс өткізді.
Шара мақсаты:
✅️ нашақорлық проблемаларына жасөспірімдер назарын салу;
✅️ адамның ағзасы мен психикалық денсаулығына есірткі құралдарының әсері туралы жеткізу;
✅️ есірткі құралдарын пайдалануға қарсы мүмкін болатын іс-қимыл жолдарын көрсету;
✅️ есірткі құралдары мен психоактивтік заттарға қатысты қарсы көзқарасты қалыптастыру
Психолог маман жас ағза денсаулығына есірткінің зияны туралы айтып, салауатты өмір салты туралы брошюралар мен буклеттер таратты.