ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 46 (Call-центр)
Меню

Тегін медициналық көмектің мемлекеттік кепілдері

СТАЦИОНАРДА КӨРСЕТІЛЕТІН ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДЕРІ

ТМКК аясында стационарлық көмек стандарттың уәкілетті органымен белгіленген палаталарда қосымша сервистік қызметтер берусіз ТМКК аясында жүзеге асыралады (теледидар, телефон, тапсырыспен тамақтану және т.б.).

Стационарлық қызмет азаматтарға емдеудің интенсивті әдістерін қолдану (изоляция) сияқты тәулік бойғы медициналық қарауды талап ететін аурулар жағдайында көрсетіледі.

Стационарлық медициналықкөмек үшін көрсеткіштер болмағанда, алайда тәулік бойғы қарау және емделуге пациенттің қалауы кезінде, тәулік бойғы стационарда емдеу ақылы негізде жүргізіледі.

Стационарда дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж үш жасқа дейінгі балаларды, және де 16 жасқа дейінгі ауыр науқас балаларды емдеу кезінде, балаға тікелей қарайтын анасына (әкесіне) немесе өзге тұлғаға, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын берумен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігі беріледі. Баланың 3 жасқа толуы кезінде анасының жанында болуы (тұлғаның ілесуі) ақылы негізде жүзеге асырылады.

Бір жасқа дейінгі бала емізетін ана бала күтімі бойынша келудің барлық кезеңіне медициналық ұйымда тегін тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Стационарлық емделуде жатқан анасы (әкесі) немесе балаға тікелей қарайтын тұлға тегін ұйықтайтын орынмен қамтамасыз етіледі. Анасының (ілескен тұлғаның) баламен бірге келіп түсу кезінде белгіленген талдауларды тапсыру қажет. Шұғыл емделуге жатқызу кезінде зерттеу тікелей стационарда тегін бір ілескен тұлғаға жүргізіледі. Баланың қасында болуға туыстарының қалауы кезінде «кезекшілікпен» екінші ілескен тұлғаның зерттелуі ақылы негізде жүзеге асырылады. Ақылы емделуге жатқызу кезінде зерттеу жоспарлы емхана арқылы.

ҚР аумағында тұрақты мекендейтін шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар (тұруға ықтиярхат) 01.01.2018 жылдан ҚР азаматтарымен бірдей ТМККК аясында медициналық көмек алуға құқылы. Ол үшін шетелдіктер және де ҚР азаматтары үшін медициналық ұйымға тіркелу қажет.

Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар (ықтиярхаттың болмауы) қоршаған халыққа қаупіті жіті аурулар кезінде уәкілетті органмен белгіленетін тізбеге сәйкес (1. Күл 2. Қызылша 3. Қызамық 4. Көкжөтел 5. Жәншау 6. Желшешек 7. Індеттік паротит 8. А, В, Паратифтері С 9. Полиомиелит 10. Тұмау түрлері 11. Менингококк жұқпасы12. тырысқақ 13. Іш сүзек 14. Туберкулез 15. Түйнеменің өкпе түрі 16. Оба 17. Геморрагиялық вирустық безгек 18. А, Е Вирустық гепатиті 19. Безгек) ауруларына (ҚР ДС және ӘДМ 01.04.2015 жылғы № 194 бұйрығы) ТМККК алуға құқылы Өзге жағдайларда медициналық көмек ақылы негізде көрсетіледі.

Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғаларға (ықтиярхаты жоқ) ҚР аумағына уақытша келетін азаматтарға пациент өміріне және қоршағандарға қауіпті жою сәтіне дейін тегін көрсетіледі. Көрсетілген қызметтердің фактілік құнының төлемі емделуді жалғастыру кезінде ақалы негізде жүзеге асырылады.

Негіздеме: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау саласы туралы» ҚР Кодексінің 88 бабы 5 тармағы «Денсаулық сақтау саласы бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80-6 ҚР заңы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі тізбесін бекіту туралы» қаулысы (2014 жылғы 27 қаңтардағы № 29 Үкімет қаулысына қосымшалар және өзгерістермен.

ҚР ДС және ӘДМ 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 «Стационарлық көмек көрсету ережесін бекіту туралы».

ШҚО әкімдігі ДСБ «Риддер
қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК
ШҚО, Риддер қ., Тоқтарова көш., 4а
Дс-Жм 08:00-ден 16:30-ге дейін
8 (72336) 4-46-58 (қабылдау)
8 (72336) 7-99-23, 8 778 746 33 46 (Call-центр) ridder_qalalyk_auruhanasy
Дизайн және әзірлеу
SemStar