«Емделуге жатқызу бюросы» порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында стационарға жоспарлық емделуге жатқызу ережесі:
Жоспарлық емделуге жатқызу көрсеткіштері болған жағдайда АМСК маманы пациентке қажетті клиникалық-диагностикалық, зертханалық, құралдық және рентгенологиялық зерттеулер, профильді мамандардың кеңесін жүргізеді.
Пациент стационарды таңдау кезінде, маман тиісті профиль бойынша бос төсек-орындардың бары туралы ақпарат береді.
Мүмкіндік болмаған жағдайда, себептер бойынша (ауа-райы, отбасылық жағдайлар) пациент АМСК хабарлайды. Стационар емделуге жатқызуды тәуліктен жоғары емес мерзімге ауыстырады.
АМСК маманы жоспарлық емделуге жатқызу жолдамасын тіркейді, порталда АВТОМАТТЫ түрде белгіленген жоспарлық емделуге жатқызудың жоспарлы күні туралы ақпарат береді.
Пациент емделуге жатқызу жолдамасында көрсетілген жоспарлық емделуге жатқызу күнімен белгіленген күнге сәйкес емделуге жатқызылады.
Пациенттің жоспарлық емделуге жатқызу күнінде келмеген жағдайда, стационар берілген пациент төсек-орнына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін немесе емделуге жатқызудың орта мерзімі өтіп келген пациентті орналастырады.