Мед. көмек түрлері туралы
Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК
көрсетілетін (ТМККК) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 29 «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі тізбесін бекіту туралы 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандарға бюджеттік қаражат есебінен көрсетіледі және көбінесе расталған тиімділікпен алдын-алу, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді енгізеді.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне(бұдан әрі-ТМККК) енеді:
- Стационарлық медициналық көмек , денсаулық сақтау саласының уәкілетті органымен белгіленетін көлеммен жоспар аясында профильді мамандар немесе АМСК мамандарының жолдауымен шұғыл көрсеткіштер бойынша- жолдаманың қолда болуына қарамастан көрсетіледі. 2018 жылға емделуге жатқызудың жоспарлы саны:
- Республикалық бюджет қаражаты есебінен (140 төсек-орын) –4200 науқас;
- Жергілікті бюджет қаражаты есебінен (жұқпалы аурулар бөлімшесі 25 төсек-орын)- 6700 төсек-орын күні (558 айына)
- Стационарлық міндет атқаратын медициналық көмек АМС көмек мамандары немесе профильді мамандардың жолдауы бойынша; 2018 жылға стационар жанында күндізгі стационарға емделуге жатқызудың жоспарлы саны:
- Республикалық бюджет қаражаты есебінен – 2037 (стационар жанында 1337, емхана жанында 700) науқас;
- Амбулаторлық-емханалық көмекке енеді:
- алғашқы медико-санитарлық көмек помощь
- амбулаторлық-емханалық көмек
- Жедел медициналық көмек.
ТМККК келесі мамандықтар бойынша білікті медициналық көмек түрінде үлкендерге стационарлық көмек түрінде көрсетіледі:
- Анестезиология және реаниматология
- Невропатология
- Жұқпалы аурулар
- Оториноларингология
- Офтальмология
- Терапия
- Хирургия
- Травматология, ортопедия
- Физиотерапия
- Массаж
- Акушерлік және гинекология
- Эндокринология
ТМККК келесі мамандықтар бойынша білікті медициналық көмек түрінде балаларға стационарлық көмек түрінде көрсетіледі:
- Анестезиология және реаниматология
- Оториноларингология
- Эндокринология
- Хирургия
- Физиотерапия
- Жұқпалы аурулар
- Неонатология
- Педиатрия
Диагностика:
- зертханалық (жалпы клиникалық, биохимиялық зерттеулер; серологиялық зерттеулер; цитологиялық зерттеулер; бактериологиялық зерттеулер, иммунологиялық зерттеулер): рентгенологиялық диагностика ультрадыбыстық диагностика
- функционалдық диагностика
- эндоскопиялық диагностика
- патологиялық анатомия
Стационарлық міндет атқаратын көмек түріндегі ТМККК келесі мамандықтар бойынша стационарда күндізгі келу төсек-орындарында көрсетіледі: терапия, хирургия, гинекология педиатрия; емхана жанында күндізгі стационар төсек-орындарында.