Пациент және персоналдың мүлігін сақтап қалуды қамтамасыз ету бойынша ережелер
Стационарлық емдеуге түсу кезінде пациент сырт киімі мен аяқ киімін қабылдау бөліміне тапсырады.
Қабылдау бөлімінің медбикесі журналға пациенттің ТАӘ, туылған жылы, заттарды тапсыру күні олардың қысқа сипаты туралы жазады.
Қабылдау бөлімінің медбикесі арнайы қапқа пациент заттарын салады және сақтауға заттарды тапсыруға пациенттің ТАӘ, туылған күні көрсетілген құлақшаны тіркейді.
Заттардың бұзылу және жоғалудың алдын-алу үшін құрғақ, кілтке жабылатын орында сақталуға тиіс.
Заттардың сақталуына қабылдау бөлімінің медбикесі жауапкершілік етеді.
Емделіп шығу кезінде пациент жеке бас куәлігін көрсетіп сақталуға тапсырылған заттарын қабылдап, алуы туралы қол қояды.
Персонал әрбір құрылымдық бөлімшеде бар персоналға арналған киім ілгіш-үй-жайында жеке заттарын қалтырады.
Үй-жай кілтке жабылып, кілт постта сақталады.
Кілтті алу мүмкіндігі тек пост медбикесі мен санитарда.